«Жер аманаты» Жетісуда

«AMANAT» партиясы жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясы ЖАЙЫЛЫМ ЖЕРЛЕРДІ мемлекет меншігіне ҚАЙТАРУ жұмысы аясында жаңадан құрылған Жетісу облысына келдік.

Комиссия мүшелері – Жанарбек Әшімжан, Бакытжан Базарбек, Мұрат Теміржанов әріптестерімізбен бірге 21-22 шілде күндері жаңа аймаққа қарасты Кербұлақ ауданы, Бостан ауылы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы және Көксу ауданы, Лабасы ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған және заңсыз бөлінген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мәселелерін жан-жақты талқыладық.

Жүргізген жұмыстың нәтижесі бойынша аймақтағы жалпы 4️⃣1️⃣ 9️⃣2️⃣5️⃣ гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Оның ішінде:
🧩 Кербұлақ ауданы — 2706 га
🧩 Ескелді ауданы — 2200 га
🧩 Көксу ауданы — 6685 га
🧩 Панфилов ауданы – 12574 га
🧩 Сарқанд ауданы – 90 га
🧩 Қаратал ауданы – 17670 га.