Жол сапасын бақылайтын мекеме жырты жылдық жұмысын қорытындылады

Ағымдағы жылдың басынан Алматы қаласы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК филиалының мамандарымен көше –жол желісі бойынша жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың, сондай-ақ инженерлік коммуникациялардан кейін асфальтбетон жабындысын қалпына келтіруде қолданылатын материалдардың сапасына жіті назар аударуда.

Бүгінгі таңда Алматы қаласының Қалалық мобильділік басқармасымен жасалған келісім шарт аясында 300-ге жуық тексеру жұмыстары жүргізіліп, 580 жол-құрылыс материалдарының үлгілері сынақтан өткізіліп, нәтижесінде алынған сынаманың 118 нормативтік талаптарға сәйкес болмай шықты

Орталық мамандарының нысандарды тексеру барысында 229 ақаулар анықталып, олардың — 68 қайта түзетіліп, 161 – түзету барысында. Аталған сәйкессіздіктер нәтижесінде асфальтобетон жабындысын сомасы 28млн.тг мердігерлер өз қаражаты есебінен қайта жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Құрылыс кезінде анықталған ақаулар мен зертханалық қорытындылардың нәтижелері бойынша Алматы қаласының «Қала құрылыс бақылау басқармасына» 12 өтініш жолданды. Бүгінгі күнге оң нәтижелі өтініштер негізінде жауапты тұлғалардан 5 524 800 теңге айыппұл салынып, 3 техникалық қадағалау инженерлерінің аттестатын 6 ай мерзімге тоқтату шаралары қабылданды.

Сондай-ақ Жылжымалы жол зертханасымен 462,47 км жолға диагностикалық тексеру жұмыстары жүргізілді.

Алматы қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясымен 2 бірлескен рейдтік
 жұмыстар атқарылды.