Алматы облысы мигранттардың келуі бойынша республикада 3 орында

Өз елінен емес, шекара асып күнелтетіндер саны артуда. Басқа жерде айдарымнан жел есіп жайқаламын дегендер, жаға ұстатарлық әрекетке барып жатады. Қысқасы, келімсектерден келер қатер көп. Шекараны заңсыз кесушілер саны көбеймесе азаймақ емес, бұған не себеп? сұрақтың жауабын іздеп, Алматы облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі  Елмұрат Тоғызбайұлымен тілдесіп көрдік.

Өмірін жақсартып, табысы жоғары жұмысқа орналасу мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтетіндер көбейген. Тек жұмыс жасау үшін емес, жасаған қылмысының ізін суыту үшін де өз елінен безетіндер де жоқ емес. Заңсыз кәсіппен айналысып, көк қағазды қалтаға басамыз деп келетіндер де жетерлік.

Бүгінгі күні еліміздегі шетелдіктердің басым бөлігі Өзбекстан Республикасының азаматтары.  Маусымдық жұмыстарға орналасу мақсатында шекара асатын өзбек ағайынның 18743-і Алматы облысында, 3175-і Жетісу облысында жүр.

Жалпы, шет ел азаматтарының Қазақстанға келуі бойынша Алматы облысы 3 орында, ал Жетісу облысы болса, 15 орында тұр. Айта кетейік, Есепті кезеңде Алматы облысы бойынша көші-қон қызметінің бөлімшелерінде 21526, Жетісу өңірінде 3540 шетелдік тіркелген.

Шеттен келген келімсектер, заңды белшеден басып, қанды қол қылмысқа да барып жатады. Алматы облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі  Елмұрат Нұрсеитовтың айтуынша, жыл басынан бері шетелдіктердің қатысуымен  алаяқтық, ұрлық, бұзақылық, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, адам өлтіру сынды сипаттағы 75 қылмыстық іс тіркелген.

«Панфилов ауданы ПБ кезекші бөліміне 26.05.2022 жылы Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Бағай батыр көшесінде орналасқан №54 үйде аталған үйдің тұрғыны 10.02.1984 жылы туған Нұралиева Мөлдір Дәулетқызының күштеп өлім белгілері бар мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Күдікті ретінде Қарақалпақстан Республикасының азаматы Базарбаев Наурызбек Бердімұратұлы 08.03.1998 ж.т. анықталып, ұсталды, ол өз кінәсін толық мойындады»,-деп атап өтті полиция полковнигі  Елмұрат Тоғызбайұлы.

Келімсектердің шекараны заңсыз кесіп өтетеіндерден ел ішін тазарту жолында, үстіміздегі жылы  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы полиция генерал-майоры М. Ш. Қожаевтың нұсқауын орындау үшін 10-17 наурыз аралығында Алматы облысының аумағында «Мигран»», сондай-ақ 27 маусым мен 4 шілде күндері   жедел «Нелегал-2022» алдын алу іс-шарасы өткізілді.  4177 азамат әкімшілік жаупкершілікке тартылған, онлардың 3074-і шетелдік болса, 1103-і ҚР азаматы.

Айта кетейік, жыл басынан Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге 82 және де Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен 8 шетелдік елден шығарылды.

«Есептік кезеңде ҚР ҚК 392,394-бабы, Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бойынша көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктер мен ҚР азаматтарына қатысты 16 қылмыстық іс қозғалды»,-дейді Алматы облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі  Елмұрат Нұрсеитов.

Не десекте, Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, қай нәсілге және ұлтқа жататынына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге көзқарасына, кәсібінің түрі мен сипатына қарамастан заң алдында тең.

«Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысына сәйкес тұлғалар, «көшіп келушілер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше тәртіп белгіленбесе, Қазақстан Республикасының визалары болған кезде паспорттары немесе оларды ауыстыратын құжаттары (бұдан әрі – паспорттары) бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы халықаралық және жолаушылар қатынасы үшін ашық өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына келеді және кетеді немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады»,-деп атап өтті полиция полковнигі  Елмұрат Тоғызбайұлы.

Басшының айтуынша, визаның қолданылу мерзімі көшіп келуші паспортының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш ай бұрын аяқталады. Ал, Қазақстан Республикасына виза алуды талап етпейтін тәртіппен келген көшіп келушілер үшін-ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң және Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттердің азаматтары үшін-ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн өткен  көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болуының рұқсат етілген мерзімі аяқталады.

Хош, шекарамызды қалайда болса кесіп өткендер өз істеріне сай лайықты жазалары ен жауаптарын алары хақ.  Өз елімізде екі қолға бір күрек таппай жүргендер жетерлік. Бастысы, біздің елден тапқан табысын өз еліне тасып жүргендерге төрімізді беріп, төбемізде ойнатып алмайық.