КАЗГЮУ биыл 500-ден астам түлектерді шығарды

Бүгін КАЗГЮУ университетінде 2022 жылғы түлектерінің диплом табыстауының салатанатты рәсімі өтті. Осы жылы 500-ден астам түлек оқу бітірді. Мектептердің базасында әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар бойынша 42 білім беру бағдарламасы іске асырылады.

Университет басшысы Талғат Нәрікбаев түлектерді құттықтап, ақжол тіледі, «Сіздердің қолдарыңызға мөр басылған жай ғана қағаз емес, халықаралық деңгейде мойындалған Қазақстандағы ең үздік университеттің дипломын аласыздар. Еліміздің әр өңірінен Астанамызға арман қуып келдіңіздер! Мен сіздердің армандарыңыздың орындалғанына шын қуаныштымын. Сіздер бұл оқу жылдарында нақты сынақтардан өттіңіздер. Әлемде орын алған пандемиялық жағдайларға қарамастан, оқу мен зерттеулеріңізді тоқтатпай, КАЗГЮУ-дің үлкен іріктеуінен өттіңіздер. Менің ойымша сіздер финалға үлкен тәжірибе мен білім жинап келдіңіздер», — деді ол.

КАЗГЮУ Университеті құқықтық реформа жүргізу және заң кадрларына қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында 1994 жылы құрылды. Қазіргі уақытта тек заң университеті ғана емес, құрамына Жоғары заң мектебі, Халықаралық экономикалық мектеп, Жоғары гуманитарлық мектеп, Бизнес-мектеп кіретін оқу орны болып табылады.

Университеттің білім беру бағдарламалары беделді FIBAA агенттігінде мойындалған. Сондай-ақ CFA, ACCA, CIMA, GARP, ICAEW және HRCI білім беру бағдарламаларын кәсіби сертификаттау білім беру бағдарламаларының сапасы мен түлектердің бәсекеге қабілеттілігіне оң әсер етеді. Жоғары оқу орнында әлемнің 12 елінен келген студенттер оқиды.

Түлектердің бір жыл ішінде жұмысқа орналасуының орташа деңгейі 92% құрайды. Университет танымал заң компанияларында «үлкен төрттік» ұйымдарында жұмыс істейтін түлектер саны бойынша топ-5 көшбасшы жоғары оқу орындарының қатарында. Филип Джессап атындағы Халықаралық құқық байқауының ұлттық раундтарында студенттер тобы топ-50 халықаралық раундтарға кіреді.