Талғат Нәрікбаев: Мемлекеттік тілде кітап жазуды ынталандырамыз!

М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қолдауымен 5 шілде күні өткен «КАЗГЮУ және Назарбаев университетіндегі қазақ тілін оқыту тәжірибесі» тақырыбында пікір алмасу кезінде мемлекеттік тілді дамытуға байланысты өз ұсыныстарымен бөлісті.

 

Оның пікірінше, КАЗГЮУ университетте қазақ тілінде оқыту мәселесі өте өзекті, бұрыңғы кезде оқып жатқан студенттер 60 пайызы қазақ тілінде, 40 пайызы орыс тілінде оқытылса, қазіргі таңда қазақ тілінде 30 пайызы ғана оқытылып жатыр.

Бұл менің ойымша, дұрыс емес. Осыған байлынысты екі негізгі себепті көріп отырмыз, бірінші бұл әртүрлі салаларда қазақ тіліндегі кітаптар мен оқулықтардың және кітап жазатын мамандардың аздығы. Тіпті қазақ тілінде сабақ беретін, қазақ тілінде пәндерді жүргізетін мұғалім-ұстаздар да өте аз. Қазақ тобына түсетін студенттер орыс тобына ауысып жатыр. Бұл үрдіс аталған екі негізгі себептен туындайды, бұл кітаптың және мұғалімдердің жетіспеуі. Бұл тек университеттің емес, барлық елдегі мәселе. Сол үшін біз қазір қазақ тілінде үлесті арттыруды өз алдымызға міндет қойып отырмыз» — деді ол.

Қазіргі таңда Университет әлемнің үздік кітаптарды сатып алады да, оның ішінде ағылшын және орыс тілдерінде, қазақ тіліндегі бар кітаптар заманға сай емес, сондықтан олар аса сұраныста болмайды. Студенттердің сапалы білім алуға тең құқығына ие болу үшін, заманауи және сапалы білім беру жолында университет кітаптарды қазақ тіліне аудару бастады. Өйткені Қазақ мемлекетінде қазақ студенттердің өз тілінде сапалы білім алуға құқығына ие болмауы – әділетсіздік деген сынға алды Талғат Нәрікбаев.

Сондықтан университетте барлық кітаптардың қазақ тілінде нұсқасы болған дұрыс. Егер жарыққа шығып жатқан жаңа кітаптар орыс тілінде жазылса, ол міндетті түрде қазақ тілінде де болуы керек» — деді ол.

Сондай-ақ Жоғары оқу орнының басшысы ұстаздар жайында да тоқталды. Ол университетте оқытатын үздік ұстаздар, өкінішке қарай, орыс тілінде екенін мойындайды. Алдағы уақытта өз саласында үздік қазақ тіліндегі мұғалімдерді, PhD докторларды, шетелде оқыған, «Болашақ» және басқа халықаралық бағдарламасының түлектерді университетке жұмысқа шақырды. «Шетелде оқыған мамандарды тартуда да мәселелер бар, олар елге қайтқысы келеді, бірақ тиісті жұмыс-қызметтер аз, барлығы корпоративті секторларда қызмет етеді, оларды университеттерге шақыру керек. Бұл да үлкен мәселе» — деді ол.

Алдағы уақытта университет басшысы қазақ тілінің дамытуға байланысты өз жоспарларымен бөлісті. «Осыған орай, біз қазір орыс тілінде оқытатын мұғалімдерді мемлекеттік тілінде оқытуды 1 қыркүйектен бастап қаржылай ынталандырып жатырмыз, оларға арнайы курстарды жүргізуді ұйымдастырамыз» — деді ол.

Бұл жалпы мемлекеттік мәселе, ол үшін маңызды бағдарламалар жүзеге асырылуы керек, осы мәселені шешу үшін жүйелі түрде жұмыс істеу қажет. Жүйелі түрде шешпесек, әр университет осы мәселені өзі шеше алмайды. Қазақ тілінде кітаптар мен оқулықтар өте аз, мысалы «Меломан» кітап дүкеніне барып көрсеңіз, барлық сатылып жатқан кітаптар орыс тілінде, ағылшын тілінде, ал қазақ тілінде өте аз, тіпті де жоқ деп айтуға болады. Бұл қазіргі шыңдық. Аталмыш мәселеге көз жаппауымыз керек. Менің ойымша, осы мәселені ашық айтуымыз керек. Жай ғана «қазақша сөйле» деп айғайламай, ауыл-аймақтардан қазақ тілінде білім аламын деп келетін студенттерге жағдай жасап, кітаптарды қазақшалауымыз керек. Сондықтан бізге қазір қазақ тілінде көптеп кітаптарды жазып шығаруымыз керек» — деп қорытындылады университет басшысы өз сөзінде.