ПАНДУС, НЕГЕ БИІКСІҢ?

zdorovenki.com.ua

Елімізде «ерекше» балаларға арналған білім беру саласының дамуында, оны ұйымдастыруда, жал­пы инфрақұрылымында әлі де кем­­­шіліктер бар. Білім ордала­рын­да арнайы жеделсаты, пандус, еркін жү­ріп-тұруға мүмкіндік беретін қондырғылар жоқ. Мұны ерекше бала тәр­биелеп отырған ана Мамура Қат­табекова да растап отыр.

«Қазір далаға әрең алып шығамын, тек жата бергісі келеді. Мүмкін­дігінше баланы қатарға қосып, мек­­тепте оқуына жағдай жасаса дей­­­мін. Мектепті үйтіп-бүйтіп бі­тір­геннің өзінде университеттерде де ерекше балаларға жеткілікті жағдай жасалмаған. Өздігенінен баспалдақпен түсіп шыға алмайды. Біздің елімізде мүгедектер тұрмайтын секілді», – дейді М.Қаттабаева.

Ерекше балалардың білім алуында кедергі аз емес. Арнайы кітап, бағдарлама, жеделсатыдан бөлек психологиялық қысымды да жоққа шығара алмаймыз. Мұндай балалар мек­тепте оқыса, өзге оқушылар кемсітуі мүмкін. Психолог Лимана Қойшиева мектептегі буллинг барда, ерекше балалардан бұрын қатардағы оқушылар зардап шегуі мүмкін.

Осы мәселеге қатысты әлем тәжірибесінде Ұлыбританиядан аларымыз бар. Ол елде балабақшаларда балаларға ойын барысында арнайы мүге­дек­тік бел­гілері бар қуыршақ беріледі. Сонда кішкентайынан мүгедектік белгі­ле­рімен танысып өскен бала мектепке барғанда бір сыныпта отырған «ерек­ше» балаға таңғала қарап, мү­сіркеп жатпайды. Қорытындысында, да­муын­­­­да ауытқуы бар, денесінде қан­­дай да бір кем-кетігі бар балаларға бірінші мемлекет сапалы білім алуы үшін, еркін жүріп-тұруы үшін жағдай жасауы керек. Екінші, азаматтар өзектен теппей, өзімсінсе дейміз. Өйткені олар да қоғамның тең құқылы мүшесі.

Бағлан Бауыржанұлы