«Алатау» дәстүрлі өнер театрында ғылыми конференция өтеді

Ринат Рифхатұлы Заитовтың басшылығындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында 2022 жылдың 31 мамыр күні «Жаңа Қазақстандағы дәстүрлі өнердің театр сахнасындағы даму үдерісі» атты ғылыми-практикалық конференция (ofline) өтеді.

Конференцияға өнертанушылар, театртанушылар, жоғарғы оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, режиссерлер, қоғам және өнер қайраткерлері, БАҚ өкілдері және т.б. шақырылады.

Мақсаты: Қазақ халқының дәстүрлі өнерінің театр сахнасындағы даму үдерісінің көрінісін айқындау.

Конференцияның бағыттары: Дәстүрлі өнердің негізгі айқындамасы, қазақ сахнасындағы дәстүрлі өнердің үлгілері, дәстүрлі өнер театрының даму үдерісі және т.б. мәселелер қарастырылады.

Шара «Алатау» дәстүрлі өнер театрында 31 мамырда сағат 15.00-де басталады.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Нұркент шағын ауданы, 6.

Қапы қалмаңыздар!

Қуаныш Жұмабекұлы
PhD докторы,
«Алатау» дәстүрлі өнер театры Әдебиет бөлімінің меңгерушісі