Қазақстандық Қазыбек Нөгербек шахматтан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық шахматшы Қазыбек Нөгербек Грекияда өтіп жатқан жарыстан жүлделі бірінші орынға ие болып, әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы. 

Бұл қуанышты хабарды Ерлан Сайров өз facebook парақшасында жариялады.

“Құтты болсын Қазақ Елі! Қазақстандық шахматшы 18 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионы атанды.

Грекияның Родос аралында өтіп жатқан World Youth Rapid Championships – 2022 Open Under 18 турнирінде қазақстандық Нөгербек Қазыбек 1-орынға ие болып, 18 жасқа дейінгі жастар арасында рапидтен әлем чемпионы атанды” деп жазды ол.

Ozgeris.info порталы