iPhone 14 смартфонының бағасы қанша?

Дереккөздер Apple 2022 жылдың қыркүйегінде таныстыруды жоспарлап отырған iPhone 14 смартфондарының жаңа суреттерін көрсетті, — деп хабарлайды ixbt.com.

Басылым мәліметінше, iPhone 14 сериясы 6,1 дюймдік iPhone 14, 6,7 дюймдік iPhone 14 Max, 6,1 дюймдік iPhone 14 Pro және 6,7 дюймдік iPhone 14 Pro Max құрылғыларынан тұрады.

Сонымен қатар, барлық төрт смартфонға арналған әйнектің алдын-ала жарияланған фотосуреті iPhone 14 Pro және iPhone 14 Pro Max экранының айналасындағы жақтау басқаларына қарағанда жіңішкелеу болатынын растайды.

IPhone 14 сериясының бағасы көтерілетіні де хабарланды: iPhone 14 базалық моделі 800 доллар, iPhone 14 Max 900 доллардан сатылады. iPhone 14 Pro және iPhone 14 Pro Max, тиісінше, 1100 және 1200 доллар тұрады.

Еске салайық, iPhone 13 желісіндегі төрт модельдің бастапқы бағасы 700, 800, 1000 және 1100 доллар болған еді. Бұл барлық модель 100 долларға қымбаттайтынын білдіреді.

Ozgeris.info порталы