Қазақстанда уақыт талабына, еңбек нарығына сай мамандар дайындалып жатыр ма?

Фото: adyrna.kz

Әрбір түлек ЖОО-ны бітіргеннен кейін тез жұмысқа орналасуды армандайды. Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындары жұмыс берушілермен тікелей байланысқа шықпайды, соның салдарынан елімізде жұмыссыз жүрген түлектер көп.

КАЗГЮУ университетінің провосты Сергей Пен осындай пікір айтады. Сондай-ақ ол:

— Негізінен мамандарды даярлау жұмыс берушілердің қажеттіліктері мен талаптарына сәйкес болуы керек. Дәл осы Іскерлік кеңес отырыстары – білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Студенттердің алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде қолдануға баса назар аудара отырып, серіктестер мен жұмыс берушілердің сұраныстары студенттің және болашақта білікті және бәсекеге қабілетті қызметкердің профилін қалыптастырады, — дейді.

«Атамекен» ҰКП рейтингіне сәйкес, жұмыс берушілердің 45% 2021 жылғы білім беру бағдарламаларына көңілі толмайды. Түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі 2021 жылы 77% құрады, бұл 2020 жылғы 71% жақсырақ, яғни ұмтылатын нәрсе бар екенін көреміз» – дейді  «Атамекен» ҰКП ЖОО рейтингісінің жобалық кеңсесінің басшысы Әділ Мергенбаев.

Қолданбалы лингвистика, қазақ-ағылшын тілдері және лингвистика, журналистика: аналитика және зерттеу, туризм және қонақжайлылық, психология мамандарын даярлайтын Жоғары гуманитарлық мектебі – білім беру бағдарламасын дамыту мақсатында іскерлік қауымдастыққа қатысқан болатын.

27 сәуірде Sheraton Nur-Sultan Hotel-де М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті Жоғары гуманитарлық мектебі Бизнес кеңесінің III отырысы өтті. Университеттің Жоғары гуманитарлық мектебі жұмысының басым бағыты Жұмыс берушілердің сұраныстары мен пікірлеріне сәйкес білім беру бағдарламаларын жетілдіру. Бұл жұмыс Бизнес кеңестің отырыстарында жүргізіледі.

Іскерлік кеңестің III отырысына БАҚ өкілдері, республикалық телеарналардың басшылары, халықаралық деңгейдегі қонақүйлердің топ-менеджменті, ұлттық компаниялардың, халықаралық мектептердің, қауымдастықтар мен қоғамдық бірлестіктер мен ұлттық холдингтердің өкілдері қатысты.

 

«ozgeris.info».