Батыс Қазақстан облысында бұралқы иттер малдарды қырып жатыр

Фото: zhaikpress.kz
БҚО-да бұралқы иттер 23 қой мен 25 қозыны өлтірген. БҚО полициясы оқиғаның Сырым ауданы Жымпиты ауылында болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «ozgeris.info».

Аудандық ветеринарлық стансаға қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, жою жөнінде ұйғарым жіберілді, деп жазды «Мой Город».

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев ауыл тұрғыны телефон соғып, иттер тағы да малына шабуылдағанын хабарлағанын атап өтті.

«Екі ит пен екі күшік оның шөп қорасына келген. Олар өте жабайы, түнде ғана жүреді. Иттердің көзін жоюға тура келді. Жымпиты тұрғындары арызданып жатыр, ондай жануарлардың құртуға мәжбүрміз», — дейді Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев

Оның айтуынша, иттер де микрочиптеу үшін ветеринарлық стансаға жеткізіледі. Жыл басынан бері бұл процедура 360 итке жасалған. Аудан басшысы қаңғырған иттерді кеңестік кезеңдегідей жою керек деп есептейді.

«Басқа амал жоқ. Оны заңдастыру керек. Сонда адамдар итін көшеге шығармас бұрын, әсіресе асыл тұқымды ит ұстайтындар, жақсылап ойланатын болады. Олар көшеде қаңғырып жүрген иттің көзі жойылатынын біліп жүреді», — дейді Т.Төреғалиев.

«ozgeris.info».