Біз суперпрезиденттік басқару түрінен түбегейлі бас тартамыз — ТОҚАЕВ

Amanat партиясының алдында күрделі міндет – осы барынша жағымсыз жағдайды түзету міндеті тұр. Бұл туралы бүгін өткен Amanat партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.  

Президент Amanat партиясына жүктелген күрделі міндетке тоқталды.

«Amanat партиясының алдында күрделі міндет – осы барынша жағымсыз жағдайды түзету міндеті тұр. Сіздер халық өкілдерімен жұмыста алдыда жүріп, азаматтық қоғам мен билік арасындағы өзара әрекетте тиімді арнаға айналуға міндеттісіздер», — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев партияның кезектен тыс съезінде сөйлеген сөзінде.

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу елдің саяси архитектурасын қайта құруға бағытталған.

«Біз суперпрезиденттік басқару түрінен түбегейлі бас тартамыз, Парламенттің, мәслихаттардың құзыреттілігін күшейтеміз. Басымдықтардың бірі партиялық-саяси саланы жаңарту болып табылады. Паратиялық және сайлау заңнамасын ырықтандыру биліктің барлық деңгейінде қабылданған шешімдерде қоғамның рөлін күшейте түседі. Сайлаушылардың дауыс үшін бәсекелестігі барынша өзекті болады. Саяси процестің өзінің қарқыны мен мазмұны өзгеретіні сөзсіз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ozgeris.info порталы