Енді “Алтын белгіге” үміткер түлектер Назарбаев мектебінде емтихан тапсырады

Енді «Алтын белгіге» үміткер түлектер Назарбаев зияткерлік мектебінде математикадан емтихан тапсыруы керек, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы. 

 

«Бұл жаңа пән емес. Бұған дейін түлектер бес емтихан тапсыратын. Сондықтан жаңа пән, жаңа сұрақтар емес. Үміткер Назарбаев зияткерлік мектебінде емтихан тапсыруы керек. Мұнда оның жетістіктеріне сырттай баға беріледі», — деді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова.

Айтуынша, бұл емтиханнан түлектер бас тарта алады. Бұндай жағдайда оларға “үздік аттестат” табысталады.

Министрлік мәліметіне сәйкес, Қазақстанда 2021/2022 оқу жылында «Алтын белгіге» үміткер 7,5 мыңнан аса түлек бар.

Ozgeris.info порталы