Қостанайда 200 жыл бұрын салынған шіркеуде балалар сабақ оқып жүр

Қостанай облысы Жуков ауылының балалары патша заманынан қалған шіркеуге күнде баруға мәжбүр, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы Atameken Business-ке сілтеме жасап.

Алайда діни жоралғылар жасауға емес, заманауи білім алу үшін. Себебі, мектеп тұрғызылғанына 200 жылға жуықтаған шіркеуге жапсарласа салынған. Қазір апатты жағдайда.