ШҚО-да кек алғысы келген ер адам танысының үйін өртеп жіберді

ШҚО-да кек алғысы келген ер адам танысының үйін өртеп жіберді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Наурыз айының ортасында Алтай ауданы ПБ кезекші бөліміне Заводская көшесіндегі үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оның иесі 58 жастағы жергілікті тұрғын екендігі анықталды. Келтірілген залалдың сомасы 5 млн теңгеге бағаланды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жедел-тергеу тобының қызметкерлері УПИ-мен бірлесіп күдіктінің жеке басын анықтап, оны дереу ұстаған.

Күдікке ілінге 58 жастағы аудан тұрғыны болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу барысында күдікті осыған дейін араларында кикілжің туған танысының үйінен шамамен 50 мың теңгенің азық-түлігін ұрлап, осымен тоқталмай, араздасқан танысының үйін өртеп жіберген.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабы 1-бөлігі (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) және ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.