Қой секілді: Әскерге көшеден күштеп алып кетуде

Шымкентте әскерге көшеден күштеп алып кетіп жатыр. Әлеуметтік желіде таралған бейнежазба көптің ашуына тиді, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы. 

«Шымкентте әскерге қалай күшпен алып кетуге болады?! Сұмдық қой. Көшеден алып алып кетіп жатыр, тіпта ата-анасына қоңырау шалуға мүмкіндік берген жоқ. Көршім ұлын бір күн іздеп, полицияға шағым түсірді. Слл кезде ғана әскерге алып кеткенін білген. Мұны қалай түсінуге болады? Тым болмағанда шақыру қағазын жіберу керек. Өздерінің ата-аналары жоқ секілді. Осымен төртінші күн әр ауданда жігіттерді күшпен әкетіп жатыр, қой секілді бір көлікке 6-7 адамды отырғызған», — деп жазды видео авторы Instagram парақшалардың бірінде.

Желіде тараған видеоға қатысты құзырлы органдар ресми пікір білдірмеген.