Түркия Сирияға ұшатын ресейлік ұшақтарға әуе кеңістігін жапты

Фото: 4vsar.ru

Түркия сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сирияға ұшатын ресейлік әскери және азаматтық ұшақтары үшін әуе кеңістігін  жауып қойғанын айтты, деп хабарлайды “ozgeris.info” порталы.

Чавушоғлудың айтуынша, ресейлік ұшақтардың ұшу рұқсаты сәуір айында аяқталды.

 «Біз ресейлік әскери ұшақтар, тіпті Сирияға ұшатын азаматтық ұшақтар үшін әуе кеңістігін жаптық. Біз үш айға рұқсат бердік. Олардың сәуір айына дейін рұқсаты болды» деп келтіреді министрдің сөзін Сабах газеті.

Сондай-ақ, оның айтуынша, бұл туралы Владимир Путинге Түркия президенті Тайып Ердоған хабарлаған, кейіннен «ұшулар тоқтаған».

Чавушоглу Мәскеу мен Анкараның Қара теңіз бұғаздарындағы кеме қатынасын қозғайтын Монтре конвенциясының жүзеге асуы сияқты әртүрлі мәселелерде диалогта екенін айтты.

“ozgeris.info” порталы