Алматы — Талдықорған тасжолында жас футболшылар отырған автобус өртенді

Фото: видеодан алынды

Алматы — Талдықорған тасжолында жас футболшылар отырған автобус өртенді. Оқиға Талдықорғаннан 50 шақырым жерде орналасқан Алматы облысы Көксу ауданы Айнабұлақ ауылының маңында болған, деп хабарлайды “ozgeris.info” порталы tengrinews.kz-ке сілтеп. 

Куәгерлердің айтуынша, жас футболшылар отырған автобус сиырмен соқтығысқан. Нәтижесінде көлік өртенген. Барлық жолаушы көліктен түсіп үлгерген.

Тосын оқиғаға себеп болған жануардың иесі кім екені белгісіз. Жас футболшылармен бірге неге құқық қорғау органдарының қызметкерлері бармағаны да беймәлім. Департаменттің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.

”ozgeris.info” порталы