Электрондық цифрлық қолтаңба алу үшін телефон бейнекамерасын қолдануға болады

Фото: ашық дереккөзден

Бүгіннен бастап eGov порталында электрондық цифрлық қолтаңба алу үшін телефон бейнекамерасын қолдануға болады, деп хабарлайды «ozgeris.info».

Ол үшін «Диджитал АйДи» бейне тексеруінен компьютер камерасын қолданбай-ақ өте аласыз. Бейне тексеру сервисі компьютерде камера болмаған жағдайда QR-код көмегімен сәйкестендіру рәсімінен өтуге мүмкіндік береді.

Өзгертулерді пайдалану үшін телефон камерасын компьютер экранында көрсетілген QR-кодына бағыттау керек. Сәйкестендіру расталғаннан кейін үйреншікті тәсілді жалғастыруға болады.

 «ozgeris.info»