Qnet компаниясы қаржы пирамидасы деп танылды

Фото: newsvo.ru

Qnet халықаралық компаниясын Қазақстанда қаржы пирамидасы деп танылды. Сондай-ақ компанияның құрылымдық бөлімшесінің басшылығы тергеуге алынды, деп хабарлайды «ozgeris.info» «Stan.kz»-ке сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі агенттігінің Ақмола облысындағы аумақтық департаменті «Qnet»компаниясы халықаралық қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастаған.

Агенттіктің айтуынша, компания Қазақстан аумағында тіркелмеген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайды, банк қызметі мен банк операцияларын жүргізуге лицензиясы, рұқсаты жоқ.

 

Бұған қоса іс фигуранттарының біріне қатысты үйқамаққа алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Qnet – QI тобының негізгі еншілес кәсіпорны. 1998 жылы негізі қаланған. Гонконгте орналасқан, тікелей сатылым мен көп деңгейлі маркетингті пайдаланады. Компания қаржы пирамидасын құрды деп бірнеше рет айыпталды.

 

«ozgeris.info»