Қайрат Құдайберген уақытша ұстау изоляторына қамалды

Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасына қатысты ұсталды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

«Түнде Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және қатысты деп айып тағылуда (Қылмыстық кодекстің 1 – бабының 2 және 272-бөліктері)», – делінген хабарламада.