Ақмола және Қостанай қалаларындағы тарихи-мәдени нысандардың 3D-моделінің тұсаукесері

Қазіргі заманғы қала бұл күрделі, әр минут сайын түрлендіретін ағза, өзін-өзі дамытушы жүйе. Біз қалалық процестерді түсіндіріп, олардың дамуын адам мүдделеріне бағындырғымыз келеді. Бұл үшін жаңа урбанистика ғылымы пайда болды. Бұл қаншалықты жаңа?

Қаланы қоғамдық маңызы бар құрылымдарды шоғырландыратын тұтас организм ретінде түсіну генезисті, себеп-салдарлық байланыстарды және қалалық ортаны қалыптастыру негіздерін зерттемей мүмкін емес.

М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті сіздерді «Қазақстанның тарихи урбанистикасы: теория мен практиканың өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық форумға қатысуға шақырады.

Форум ұйымдастырушылары экологиялық тәсіл қазақстандық тарих ғылымында қалалық зерттеулердің дамуына ықпал етеді және қолайлы қалалық орта үшін өсіп келе жатқан урбанистік қозғалысты түсіну үшін академиялық қоғамдастық тарапынан жоғары назар аударуды талап етеді деп болжайды.

Ғылыми-практикалық форум қалалық ортаны дамытудың өзекті мәселелерін және Қазақстанның урбан-зерттеулерінің перспективалы бағыттарын талқылауға шақырады.

Ұйымдастырушылар форумға Қазақстанның урбанизациясы мен қалалық кеңістігін зерттейтін археологтарды, тарихшыларды, антропологтарды, урбанистерді, әлеуметтанушыларды, мәдениеттанушыларды, географтарды, ғылымның түрлі салаларының ғалымдарын қатысуға шақырады.

Өткізу күні: 21 сәуір 2022 сағат 14.00

Өткізу орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Корғалжын тас жолы, 8, КАЗГЮУ Университеті