Жансая Әбдімәлік жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік Алматы шахмат федерациясының президенті болды. Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

«Біздің мақсатымыз – Алматыны әлемдік шахмат орталықтарының біріне айналдырып, еліміздің басқа шахмат федерациялары үшін үлгі болу.

Федерацияның 2024 жылға дейінгі жоспарында төрт негізгі бағыт бар: қала тұрғындары арасында бұқаралық спортты, ал мектепте шахматты дамыту, ардагерлерді қолдау, спортта жаңа жетістіктерге жету»,– деді ол.