Шебердің ісі жалғасын тапты

Біз жаңа материалды ұсынудың куәсі болдық. Белгілі қайраткер Болат Атабаевтың шәкірттері жаңа эксперименталды «Синтез» театрын құрды.

Бүгін елордада эксперименталды СИНТЕЗ театры көрермендерді қабылдайды. СИНТЕЗ театрдың негізін қалаушы, жетекшісі Мұхтар Дүнгешовтың түсінігі бойынша, форманы өзгерту оңай емес.

Александр Володиннің «С любимыми не расставайтесь» белгілі қойылымы — өзектілігін ешқашан жоғалтқан емес. Бұл психологиялық драманы қазақ тіліне Асхат Маемиров аударған. Режиссер М.Дүнгешов «Қоштасқым келмейді» қойылымды тамашалауда жаңа ұсынудың куәсі болдық.

Қойылымнан үзінді:

Кездесу, сосын қоштасу….

Ессіз құлай сүю, жек көріп кету…

Қойылымда ажырасқалы жатқан әртүрлі отбасының бастан кешкен сәті баяндалады. Өмірде жолы қиыспаған ерлі-зайыптылар ақыры некелерін бұзу үшін сотқа келеді.

Сот төрағасы оларды татуластыруға тырысып баққанымен, ығысқысы келмейтін өркөкірек ерлі-зайыптылар бірін бірі түсінуден қалған екен…

Олардые ендігі тағдыры қалай болмақ?

Кімді дұрыс, кімдікі бұрыс?

Аталған қолыйым көрермендерді ойға тартады. Спектакль біткеннен кейін   тағы біраз ойларды толғап, күйзелісте боласын. Ойға тарту бұл да бір эксперимент.

Шын мәнінде, көптеген адамдар үшін «эксперименталды театр» ұғымы сәулет, сценографиялық немесе акустикалық техникасы жаңа болатын театрды ұсынады, ал эксперимент ең алдымен актерге, оның көпшілікпен қарым-қатынасына, қойылым тұжырымдамасына немесе мәтіндерді жаңа оқуға, сахналық оқиғаны қайта қабылдауға қатысты болуы керек.

Эксперимент өнердің әлі жоқ немесе жасырын шындық үшін қателіктерге де дайын болуын болжайды.

Іздеу құқығы, демек, қателік спектакль жасаушыларын көпшілікті қабылдауға қатысты тәуекелге баруға (кейде көруден бас тартуға дейін), режиссураны толығымен өзгертпей, стереотиптердің әсерінен көрерменнің көзқарасын өзгертуге тырысады.

Эксперименталды теарт тарихына үңілсек. 2005 жылдың 12 қазанында Алматы қаласындағы Республика сарайының сахнасында Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «музыкалық драма» бөлімі студенттерінің курсы негізінде ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Атабаевтың жетекшілігімен «Ақсарай» театрының тұсаукесері өтті. Сол кезде таныстырылған «Қыз жібек» мюзиклі Қазақстан мәдениетіндегі революцияға іспеттес. Қазақстанның эксперименталды театры қазақ мәдениеті негізінде бастау алды.

Эксперименттік театрдың не екенін дәл анықтау мүмкін емес, кез-келген жаңа форма — бұл эксперимент. Кескін эксперименті, материалды ұсыну эксперименті, ең маңызды эксперимент — көрерменмен байланыс. Болат Атабаев театрды әртүрлі жағынан зерттеп, театр теориясында жаңашыл болды, театрға жанын берді. Мұғалім ретінде ол өз ісін жалғастыратын актерлер мен режиссерлердің шәкірттерінің галактикасын өсірді. Сол галактикада  СИНТЕЗ театрдың негізін қалаушы, жетекшісі Мұхтар Дүнгешовте бар. Жаңа театр, жаңа эксперимент, жаңа қойылымдарды күтеміз.

 

Дина АБДАКИМОВА