Алматыда қаржы пирамидасының 4 ұйымдастырушысы қамалды

Алматыда «MUDARABAH CAPITAL» қаржы пирамидасының 4 ұйымдастырушысы қамалды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Олар Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі бойынша тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды.

Полиция полковнигі Рүстем Әбдрахмановтың айтуынша, Ш. және Т.есімді азаматтарға қатысты сот бұрын бұлтартпау шарасы ретінде «кепіл» санкциясын берген. Ал М. және К.есімді күдіктілер сотқа дейінгі тергеу барысында «үйқамаққа» алынды.

«Қылмыстық іс бір топ азаматтың «ASTEX.KZ» ЖШС, «ACD Technology» ЖШС лауазымды тұлғаларының қаржылық пирамида құру және оны басқару дерегі бойынша ұжымдық арыз негізінде Алматы қалалық полиция департаментінде тіркелді, — деді ведомство.

Айта кетейік, фирмалар ай сайын әрбір салымшыға төлеген жарна сомасының 20 процентін өтеуге міндетті болған. «ASTEX.KZ» ЖШС 162 салымшыдан 5 миллиард теңгеден астам қаражатты басқа компания «MUDARABAN CAPITAL» ЖШС арқылы алған.