«Оператор РОП» ЖШС 180 млрд теңге көлеміндегі қаражатты жымқырмақ болған

«Оператор РОП» ЖШС 180 млрд теңге көлеміндегі қаражатты жымқырмақ болған, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы. 

«Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің лауазымды тұлғалары мен «Оператор РОП» ЖШС басшылығы электр қуатын өндіретін 6 қоқыс жағатын зауыт құрылысын жеке ұйымның заңсыз қаржыландыруы арқылы кәдеге жарату төлемі түрінде жиналған 180 миллиард теңгені жымқырмақ болған», – делінген Агенттік баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұл ретте департаментте нақтылағандай, электр қуатын мемлекет 15 жыл бойы негізсіз жоғары тарифпен сатып алуға және жеке компанияны миллиардтаған табыспен қамтамасыз етуге кепілдік берген.

«Экология вице-министрі мен «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы басшылары қамауда отыр. Кінә бойынша соңғы шешімді сот анықтайды»,  – делінген баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Ozgeris.info порталы