Елден ақшаны заңсыз шығару бойынша жеті қылмыстық іс тергелуде

Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов Мемлекет басшысына есеп берді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Ол Президенттің тапсырмасы аясында қаржыны Қазақстаннан тыс жерлерге заңсыз жылыстатуға қарсы жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Бүгінде 7 қылмыстық іс тергеліп жатыр және 28 миллион АҚШ доллары бұғатталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттіктің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарының маңызды екенін ерекше атап өтіп, Жанат Элимановқа бизнеске қатысты жүргізіліп жатқан барлық қылмыстық істі тергеп-тексеру кезінде заңдылықтың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.