Әлем кубогында қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды

Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен гиманстикадан әлем кубогында қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, гимнастар доп/лента жаттығуында күміс медаль, шеңбермен жаттығуда қола медаль жеңіп алған. 

Ұлттық құрама сапында Сағина Мұратқызы, Айсұлу Мұрзағалиева, Рената Жолдинова, Айдана Шаяхметова, Аружан Қасенова, Әсел Шүкірбай өнер көрсетті.

Ozgeris.info порталы