Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Фото: isu.org

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Таллинде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды “ozgeris.info” порталы Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстандық 234,31 ұпаймен екінші орынды иеленді. Қысқа бағдарлама аясында біздің спортшымыз төрт лютц, үш аксель және төрт саусақты ілмектерді орындай алды. Оның медалі ел үшін тарихи нәтиже. Себебі бұған дейін Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем чемпионатынан медальдар болған жоқ.

АҚШ өкілі Илья Малинин алтын жүлдені жеңіп алса, үшінші орынды Жапониялық Тацуя Цубой ұтып алды.

ozgeris.info” порталы