Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай екі снаряд ұшырды

Фото: REUTERS

Солтүстік Корея сенбі, 16 сәуірде Жапон теңізіне қарай екі снаряд ұшырды. Бұл туралы Yonhap ақпараттық агенттігі жариялады, деп хабарлайды “ozgeris.info”.

«Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын тактикалық ядролық операциялардың тиімділігін арттыру үшін маңызды жаңа тактикалық басқарылатын қаруды сынауды қадағалады», — деп хабарлады жексенбі күні Пхеньян мемлекеттік БАҚ.

Снарядтар 110 шақырымға ұшып, 25 шақырым биіктікке және 4 Mach жылдамдығына жетті.

ozgeris.info” порталы