Бақыт Шадаева: «Димаштың дауысы қойылмаған, мектебі де жоқ»

Фото: ашық дереккөзден

Әнші Бақыт Шадаева  «Elmedia» Youtube арнасына берген сұхбатында Димаштың дауысы қойылмағанын, оның мектебі жоқ екенін  айтты, деп хабарлайды «ozgeris.info».

Сұхбат кезінде Димаш туралы сөз қозғаған әнші жас дарынның өте талантты екенін, дегенмен оның алысқа бармайтынын жеткізді.

«Димаштың өзінде де постановка жоқ. Құдай берген, табиғат берген дауысы бар. Бәрі тамаша, керемет. Алайда оның мектебі жоқ, дауысы қойылмаған. Оның себептері білемін, өз көз алдымда өскен бала. Оған өмірге үлкен жолдаманы берген мен болатынмын. «Жас қанат» байқауына қатысып жатқан кезде, «Ондай дауыстар кетсін, құрсын» деп жатқанда, Димаштан артық талантты байқамағанымды айттым. Ол расында да өте талантты жігіт. Бірақ Димаштың мектебі жоқ. Дауысы қойылмаған адам алысқа бара алмайды деп қорқамын. Құдай берген таланты бар. Дегенмен әрбір адамда мектеп болу керек, білім болу керек. Онсыз алысқа бара алмайды ғой», — деді әнші.

Әншінің бұл пікіріне халық әр түрлі баға беруде. Бірі оның пікіріне қосылса, бірі оның бұл сөздеріне қарсы шығуда.

 

«ozgeris.info».