Зеленский Медведчукты әскери тұтқындарға айырбастауды ұсынды

Украина президенті Владимир Зеленский саясаткер Виктор Медведчуктің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Айтуынша, Жоғары Рада депутаты Ресейге қашпақшы болған.

«Медведчук мырзаның ғарышкерлер күні ұсталғаны өте қызық болды. Ол 48 күн бойы жасырынып жүрді. Ақыры Украинадан кетуге бел буды. Мен В.Медведчукты әскери тұтқындарға айырбастауды ұсынамын. Еліміздің құқық қорғау және әскери органдары бұл мүмкіндікті қарастырғаны жөн»,– деді ол.

Айта кетейік, Виктор Медведчук Путиннің Украинадағы ең жақын одақтасы болып саналады.