Президенттің жаңа көмекшісі тағайындалды

Ернар Баспаев Президент көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспаөз қызметі жазды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалсын, – делінген Президент жарлығында.