Нью-Йоркте атыс болып, 16 адам жараланды

Нью-Йоркте атыс болып, кемінде 16 адам жараланды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

«Бруклиндегі 36th Street метро станциясында бірнеше адамға оқ атылды. Қазіргі таңда жарылғыш зат жоқ»,– делінген хабарламада.

Комиссар Кичант Сьюэллдің айтуынша, атыс террорлық шабуыл ретінде қарастырылмайды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.