Мәсімовтың кезінде теледидардан айтыстың көрсетілуіне тыйым салынған

Кәрім Мәсімов премьер-министр болып тұрғанда кездері қазақтың ұлттық өнері айтыстың эфирден көрсетілуіне тиым салынған болатын. Ақын Дәулеткерей Кәпұлы Мәсімовке қатысты «қазақтың кегі» бар деген ой айтты. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап. 

Кәрім Мәсімов қамалған кезде айтыстың кегі қайтты-ау деген ой болған жоқ па, деген сауалға:

«Мен ол кезде айтыспен қоштасқан кезім болатын. Тамыз айында айтыспен қоштастым, қазан айында мораторий жариялады. Сол кезде Алматыдан Жүрсін ағамыз бар, Амангелді Ермегияев, Өмірзақ Сәрсеновтер ұшып келіп, бәрі кірген. Сол кезде премьер-министрдің арнайы қаулысымен айтыс тоқтатылған. Бұған дейінгі айтыстарды радионың эфирінен, Қазақстан телеарнасынан, Хабардан қайталанбауына мүлдем тыйым салынған.

Ұсталғанда қуанған ақындар бар шығар енді. Ол ұсталды деген кезде қазақтың кегі бар ғой, тек қана айтыс емес қой, қазақтың біраз нәрсесі бар. Айтыстан жоғары тұрған дүниелер бар. Қуанышымыз жаңағы үлкен жағына кетіп қалып тұр ғой»,- деді Дәулеткерей Кәпұлы.

Ozgeris.info порталы