Алматыдан 118 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 118 шақырым қашықтықта жер сілкінді. Бұл туралы ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ мемлекеттік мекемесі мәлімдеді.

«11 сәуір күні 13 сағат 36 минут 30 секундта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 118 шақырым жерде Қырғызстанда орналасқан. Магнитудасы: 4,1 Тереңдігі: 15 км»,– делінген хабарламада.