Илон Маскн Twitter кеңсесін үйсіздерге баспана қып бермек

Илон Маск үйсіздерге баспана сыйламақ. Twitter әлеуметтік желісінің қолданушыларының 91%-ы Илон Масктың бұл идеясын қолдады, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы. 
“Известия” басылымының мәлімдемесінше, кәсіпкер «әлеуметтік желінің бас кеңсесіне бәрібір ешкім келмейтінін» атап өтіп, дауыс жинауға кірісті.

Сауалнамаға 1,9 миллионнан астам Twitter пайдаланушысы қатысты, олардың 91 пайызы бұл идеяны қолдады.

Илон Масктың ұсынысын Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безос та қолдады.

Безостың айтуынша, штаб-пәтерді толығымен болмаса да, оның кем дегенде бір бөлігін осы мақсатқа арнауға болады. Ол жазбаға Amazon компаниясының Сиэтл кампусында үйсіздерге арналған баспананың ашылуы туралы GeekWire мақаласының сілтемесін тіркеді.