Керек болса ядролық қару қолданамыз! — ҚАДЫРОВ

Рамзан Кадыров Украинаға сес көрсетіп, тіпті болмаса ядролық қару қолданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы. 

Путинді асыра сілтеп мақтап, жеңіске жету үшін барлық амалды жасайтынын айтты. Тіпті, ядролық қаруға дейін қолданатынын жеткізді.

«Біз Жоғарғы Бас қолбасшымыздың саясатын қолдаймыз. Оның кез-келген бұйрығын орындаймыз. Керек болса, ядролық қаруды да қолдана аламыз. Бізбен ойнамаңдар! Мен оның жаяу сарбазымын.  Соған мақтанамын. Жоғарғы Бас қолбасшымыздың бұйрығын орындау – бұрыннан бергі арманым», деді ол.

Ozgeris.info порталы