Алматы тауларында алты турист адасып қалған

Фото: inform.kz

Алматыда тауға шыққан алты турист Қасқыртау атты Үлкен Алматы көлі (БАО) аймағында адасып қалған. Бұл туралы Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “ozgeris.info” порталы.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 109 пультіне адамдардың адасқаны туралы хабарлама сағат 20:11-де түскен. Небәрі 10 минуттан кейін БАО-да кезекшілікте тұрған құтқару бригадасы оқиға орнына шыққан.

Белгілі болғандай, бір сағаттық іздеу жұмыстарынан кейін туристер табылған. 21:55-те құтқарушылар оларды жолға шығарып салған.

ozgeris.info” порталы