Әйелімен жанжалдасып қалған түркістандық өз үйін өртеп жіберді

Түркістан облысында әйелімен жанжалдасып қалған ер адам өз үйін өртеп жіберді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Бәйдібек АПБ-ға жергілікті тұрғын хабарласып, өзінің төрт бөлмелі үйін күйеуінің қасақана өртегенін жеткізді. Үй ішінде тұрмыстық заттар, алтын бұйымдар болған. Оқиға салдарынан жәбірленуші үш млн теңге шығынға батты»,– делінген хабарламада.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚК-нің 202-бабы 2-бөлімі (Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамының ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер беруi) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Ақпарат алысымен полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды. Тез арада іске кірісіп, оқиғаның қалай болғанын анықтады. Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылардың арасында келіспеушілік туындаған. Содан түсініспеушіліктің арты дауға ұласып, ашуға бой алдырған азамат мас халде үйге өрт қойған.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.