Ресей Краматорсктағы вокзалға зымыранмен шабуыл жасады (ВИДЕО)

Ресей Украинаның Краматорск қаласындағы теміржол вокзалына шабуыл жасады, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Оның салдарынан ондаған адам қаза тауып, 30-ға жуығы түрлі жарақат алған.

Донецк облыстық әкімшілігінің басшысы Павел Кириленко Ресей әскерлерінің «Искандер» зымыранымен соққы жасағанын айтты.

Қазіргі таңда Краматорск Украинаның бақылауында.