«Ұлттың ұлы бақыты – Тәуелсіздік» атты тәрбиелік іс-шара өтті

6-қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті “Педагогика және білім беру менеджменті” кафедрасының доценті Қасымова Роза Садыққызы мен «Қазақ филологиясы» мамандығының 1-курс магистранттары тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған “Ұлттың ұлы бақыты — Тәуелсіздік!” атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды «Өзгеріс» тілшісі.

ZOOM платформасында өткен онлайн тәрбие сағаты күймен ашылды. Шара барысында білімгерлер тарихи оқиғалар тізбесі мен Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктерге тоқталып өтті.

Сондай-ақ «Қазақ филологиясы» мамандығының 1-курс магистранттары Әлиасқар Еркеайым мен Мамежанова Асем төл туындыларын оқып, кештің сәнін кіргізді.

Тәрбие сағатын Досекеш Тұрар «Атамекен» әнімен қорытындылады.

Іс-шара соңында педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Касымова Роза Садыққызы сөз алып, магистранттарға алғысын білдірді.

Диана АСАНОВА