Владимир Жириновский қайтыс болды

ЛДПР партиясының жетекшісі Владимир Жириновский қайтыс болды, деп хабарлайды ozgeris.info.

«Владимир Вольфович Жириновский ауыр және ұзаққа созылған аурудан кейін қайтыс болды», — деді Мемлекеттік Думаның спикері Вячеслав Володин.

Айта кетейік, саясаткер ақпан айының басында коронавируспен ауырған еді.