Дулат Исабековтың жары дүниеден өтті

Белгілі жазушы, драматург Дулат Исабековтің жары Нұрғайша Жармұқамедова өмірден озды. Қаралы хабарды мәжіліс депутаты Қазыбек Иса естіртті, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

«Қазақ әдебиетінің классигі Дулат Исабековтің үйіндегі жеңгеміз Нұрғайша Жармұқамедова қайтыс болды деген хабар қабырғамызды қайыстырып кетті. Ол кісі ауырып жүрген жоқ еді, бүгін таңертең жүрегі ұстап қалды.

Жақында ғана көкемізге сәлем беруге үйге барғанда жарқылдап жүріп қарсы алып, сексенге келсе де сергектігін көрсетіп, келіндерден бетер жүгіріп, дастарханын жайып шығарып салып еді»,– деді ол.