“Ресей жауапсыз қалдырмайды”: Италия ресейлік дипломаттарды елден қуып жатыр

Фото: planeta.press

Италия сыртқы істер министрлігі сейсенбі күні 30 ресейлік дипломатты елден шығарған. Бұл туралы Bloomberg жариялады, деп хабарлайды “ozgeris.info” порталы.

Батыс ақпарат құралдарының хабарлауынша, Италия Сыртқы істер министрі Луиджи ди Майо мұндай шешім ұлттық қауіпсіздік мақсатында қабылданғанын айтты. Ди Майоның айтуынша, бұған дейін Италия Сыртқы істер министрлігі Ресей елшісі Сергей Разовты шақырып, бұл шешім туралы хабарлаған.

“Мәскеу Римнің 30 ресейлік дипломатты елден шығару туралы шешімін жауапсыз қалдырмайды. Ресей тиісті жауап береді», деп мәлімдеді Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова журналистерге.

Сейсенбі күні таңертең Данияның Сыртқы істер министрлігі Дания билігі 15 ресейлік дипломатты елден шығарып жатқанын хабарлады. Бір күн бұрын Германия мен Франция секілді Еуропа елдері де осындай шараларды жариялаған болатын.

“ozgeris.info” порталы