Қарағандыдан Екатеринбургке автобустар жүретін болды

Фото: avtovokzaly.kz

1 мамырдан бастап Қарағанды – Екатеринбург (Петропавл, Челябинск және Қорған арқылы) бағыты бойынша автобус жүреді. Бұл туралы Қарағанды автовокзалы баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “ozgeris.info” порталы.

Автобус әр бейсенбі және жексенбі күндері жүреді. Жүру уақыты – 06:10. Жол жүру құны – 18 мың теңге.

Билеттер Теміртау, Топар, Шахан, Шахтинск, Ақтас, Қарқаралы автостанцияларының кассаларынан, сондай-ақ автовокзалдардың терминалдарынан сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін түскі үзіліссіз және демалыссыз сатылады.

Билеттерді интернет, интернет-банкинг, Qiwi терминалдары және «Касса-24» арқылы банктік картаның көмегімен жөнелтуге дейін 30 күн бұрын тәулік бойы онлайн брондауға және сатып алуға болады.

ozgeris.info” порталы