«Қазақтелеком» Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты бұзбақ

«Қазақтелеком» АҚ «Instant Payments» ЖШС-мен келісімшартты бұзуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

«Instant Payments-пен келісім аяқталу сатысында тұр. Ол ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бұзылуы мүмкін»,– делінген хабарламада.

Айта кетейік, Instant Payments — «Қазақтелеком» төлем жүйесінің операторы. Ол абоненттерден 2% мөлшерінде комиссия алады. Компания Елбасының кіші қызы Әлия Назарбаевамен байланысты. Назарбаева – 2011 жылы құрылған серіктестіктің құрылтайшысы.