Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы компания басшылары ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлы, Гүлмира Сатыбалды және басқа да тұлғаларға қатысты тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

«Тергеу барысында Қ.Сатыбалдыұлының бақылауындағы кәсіпорындардың – кірме теміржол желілері (соңғы шақырым) иелерінің ұрлығының қосымша фактілері анықталды. Аталған тұлғалар Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының көмегімен елдің қала құраушы кәсіпорындарына кірме жолдардың қызметтеріне тарифті негізсіз көтеру арқылы көп миллиардтық пайда тапқан. Бұл өз кезегінде азаматтар үшін тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінің бағаларының артуына бағытталған», – делінген хабарламада.

Мәліметке сай, Қ. Сатыбалдыұлы бақылауындағы екі компанияның басшысы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Кінәлілік туралы қорытынды шешімді сот анықтайды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.