Қазақстандық таеквондошылар Испанияда бақ сынауда

Қазақстандық таеквондошылар халықаралық Spanish Open G2 турниріне қатысып жатыр, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Испанияның Аликанте қаласында таеквондодан рейтингілік Spanish Open G2 турнирі басталды.

Бұл халықаралық аламанға еліміздің атынан алты спортшы қатысуда.

Таеквондошылар тізімі:

Елжан Елшібай (-58 кг)

Газез Нұрбек (-58 кг)

Әділет Базарбаев (-63 кг)

Ерасыл Қайырбек (-68 кг)

Дамир Шуленов (-68 кг)

Рахым Әділханов (-80 кг).

Ozgeris.info порталы