«EXPO 2020 Dubai»: Қазақстан 192 ел арасында 2-орынды иеленді

Фото: expo2020dubai.com

Кеше, 30 наурызда Халықаралық көрмелер бюросы күні аясында Дүниежүзілік «EXPO 2020 Dubai» көрмесінің жұмысы қорытындыланып, EXPO Awards марапаттарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды «ozgeris.info».

«QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» АҚ мәлімдегендей, Қазақстанның Ұлттық павильоны әлемнің 192 елі арасында 2-орынға ие болды және басты жүлде «Көрме тақырыбын ашу» аталымы бойынша күміс жүлде алды.

«Қазақстан павильоны халықаралық «Exhibitor Magazine» журналының нұсқасы бойынша «Best Presentation» номинациясында бірінші орынды және «Best Large Pavilion» номинациясында үшінші орынды жеңіп алды. Қазақстан павильоны «EXPO 2020 Dubai» көрмесінде Топ-10 павильондары қатарында», – деді компания басшылығы.

Айта кету керек, көрме ашылғалы қазақстандық павильонды 1 миллион 617 мың адам тамашалаған.

«ozgeris.info».